ҚР ИИДМ, Сауда министрлігі және ҚР ҰЭМ «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрықтың жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауыт көздеген және техникалық шарттарға сәйкес белгіленген бензин бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жекелеген ыдыстарда әкетуді қоспағанда, майлау майларын қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», делінген құжатта.
Бұйрық жобасы 1 қазанға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.