• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қыркүйек, 2021

Канар аралдарынан бес мың адам эвакуацияланды

429 рет
көрсетілді

Жексенбіде Испанияның Пальма аралында, Канар аралдарының архипелагына кіретін жанартаудың атқылауы басталды, нәтижесінде лава ауаға көтеріліп, аралдың оңтүстігіндегі Кумбре Виежа ұлттық паркінің екі ауылына қарай бет алды, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Арал Үкіметінің мәліметтері бойынша, билік тұрғындар мен малды жақын маңдағы ауылдардан эвакуациялай бастады, олар аз қоныстанған Кабеса-де-Вака, Эль Пасо мен Лос-Лланос-де-Аридан аймағында.

Канар Президенті Ангел Виктор Торрес жексенбі күні кешке өткен баспасөз мәслихатында 5000 адам эвакуацияланғанын айтты. Зардап шеккендер туралы хабарламалар түскен жоқ.

«Лава жағаға қарай бет алды және шығын айтарлықтай болады. Сарапшылардың пікірінше, шамамен 17-20 миллион текше метр лава бар», деді ол.

Испания Премьер-Министрі Педро Санчес жексенбіде кешке Пальма аралына келді. Испан географиялық институтының вулканология докторы Ставрос Мелетлидис атқылау нәтижесінде таудың баурайында бес жарық пайда болғанын және оның қанша уақытқа созылатындығын айта алмайтындығын айтты.

Өткен аптада жанартау орналасқан Кумбре Вьеха табиғи саябағында 22000-нан астам жер асты дүмпулері тіркелді. Бұл Канар аралдарының ең белсенді жанартау аймақтарының бірі. Соңғы ауқымды атқылау 1971 жылы болды. Нәтижесінде, бір адам қайтыс болды. Испанияның ұлттық географиялық институтының (ING) мәліметтері бойынша, Пальма аралында ең алғашқы атқылау 1430 жылы болған.