• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қыркүйек, 2021

Ауғанстандағы жарылысты ДАИШ өз мойнына алды

152 рет
көрсетілді

Ауғанстанның шығысындағы Желалабад пен Кабул қалаларында болған бірнеше жарылыс үшін жауапкершілікті ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымы өз мойнына алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді.

«Талибан қозғалысының 35-тен астам содыры бірнеше жарылыс салдарынан қаза тапты және жараланды», деп Reuters содырлар тобының мәлімдемесін келтірді.

Өз кезегінде тәліптер бұл оқиға жайлы ресми ақпарат таратқан жоқ.

Айта кетейік, Желалабад аумағында болған үш жарылыстан кем дегенде екі адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жараланған. Ал кей мәліметтерде үш адам көз жұмғаны хабарланды.

Al Jazeera агенттігі Кабул мен Желалабад қалаларындағы жарылыстардан кем дегенде жеті адам қаза тауып, 30-ға жуығы жараланғанын мәлім етті.