• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қыркүйек, 2021

ШҚО-да орман өртімен күрес жалғасып жатыр

237 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстанда орман аумағында шыққан өртпен күрес жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, орман шаруашылығының қызметкерлері 17 қыркүйектен бастап, Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай орман шаруашылығында найзағай түсуінен шыққан өртпен күресуде.

«Өту және жету қиын учаскелер өртті сөндіруді қиындатуда. Орман шаруашылығының қызметкерлері және өрт сөндірушілер жанған жерлерден жаяу өтіп, арнайы рюкзак өрт сөндіргіштерінің көмегімен сөндіруде», деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта ашық өрт жоқ, тек түтіндеуде. Алдын ала болжам бойынша өрт алаңы 3,5 га. Тілсіз жаумен күреске 74 адам және 11 бірліктегі техника жұмылдырылды.