• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қыркүйек, 2021

Үндістан туристер үшін шекарасын ашпақ

660 рет
көрсетілді

Үндістан алдағы 10 күннің ішінде саяхатшылар үшін шекарасын ашып, туризм саласына қан жүгіртпек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл үшін билік елге келетін алғашқы 500 мың мейманға тегін виза тарату жобасын қолға алмақ ниетте. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Биліктің бұл шешіміне аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың оңалуы себеп.

Айта кетейік, саяхатшыларға электронды виза беру тәртібі өткен жылдың наурызында тоқтатылған. Бұған жер-жаһанды жайлаған пандемия себеп болды. Бүгінде Үндістанға туристер үшін 1 айлық  визаның құны орта есеппен 25 доллар, ал бір жылға 40 доллар тұрады.

Жаңа жоба мемлекет қазынасына 10 млн 800 мың АҚШ долларына бағаланып отыр. Туристерге нақты қандай талап қойылатыны әзірге белгісіз. Болжам бойынша шетел азаматы міндетті түрде коронавирусқа қарсы егілуі тиіс.