• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 20 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосыла бастады

313 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда өтінім бойынша әлеуметтік нысандар – медициналық мекемелер, білім беру нысандары, балабақшалар және т.б. жылытуға қосыла бастады, әлеуметтік нысандардың дайындығы - 100%, деп жазады Egemen.kz  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалада жылу беру маусымы орташа тәуліктік температура +10 градус (және одан төмен) 5 күн бойы сақталған кезде толығымен басталады. Дегенмен, тұтынушылардың өтінімі бойынша жылу беруге қаланың әлеуметтік нысандары қосыла бастады. Бұдан басқа, жаңа нысандарды жылытуға қосу көздері анықталды, қуаттарды тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ, елді мекендерді газдандыру, жылу электр орталықтарын жаңғырту, ЖЭО су жылыту қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Жеке сектор тұрғындары үшін қаланың барлық ауданында көмір сататын компаниялар анықталды. Дүрлігуге және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін қоймаларда жеткілікті көлемде отын бар.