• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Қыркүйек, 2021

Пингвиндерді ара шағып өлтірді

216 рет
көрсетілді

Африкада жойылып кету қаупі бар деп тіркелген 63 пингвин өлді. Құстар Кейп­тау­нға жақын жерде мүлде күт­пеген себептен қырылған дейді Оңтүстік Афри­ка­дағы құстарды қорғаушылар.

Симонстаундағы колонияда тіркеліп, сол жақта бағылған құстарды теңіз жағасында ешқандай дене жарақатынсыз тапқан. Олардың өліміне себепші – аралар.

«Бұл – өте сирек кездесетін жағдай. Мұндайды тіпті ойлап та көрмеппіз, кездейсоқтық деп қа­был­дау­дан басқа шара жоқ», деді жергілікті ветеринар Дэвид Робертс. Оңтүстік Африканың жағалаудағы құстарды сақтау қорында (Sanccob) жұмыс істейтін маман оқиға орнында өлі аралар да табылғанын айтты.

Оңтүстік Африка ұлттық паркі агенттігі (SANParks) мұндай оқиға қайталанбауы үшін тексе­ріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Африка пингвиндері кішкентай болып ке­ле­ді және Оңтүстік Африканың, Намибияның жағалаулары мен аралдарын мекендейді. Дегенмен олардың Габонның солтүстігінде де байқалғаны туралы ақпарат бар.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының мә­лім­­­демесіне сүйенсек, пингвиндердің бұл түрінің саны жылдан-жылға азайып барады. Ұйым бұған себеп ретінде, негізінен, коммерциялық балық аулау мен қоршаған ортаның ластануын алға тартады. Ал бал аралары – жергілікті экожүйенің айнымас бөлігі.

Ұлттық парк өз мәлімдемесінде жағдайды бақы­лау­ды жалғастыратынын хабарлады.