01 Ақпан, 2014

Әскери ынтымақтастық аясындағы кездесу

258 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Қазақ­стан мен Ресей арасындағы әскери және әскери-техникалық екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қор­ға­ныс министрінің сапары Ресей Федерациясы Президенті Вла­димир Путинмен бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар аясында жүзеге асырылып отыр­ғанын атап өтті.

– Қазіргі уақытта барлық мә­селелер біздің елдеріміз арасын­да­ғы достық және сенімді байла­ныстар арнасында шешімін табуда. Сондықтан бұл сапар ын­ты­мақтастығымызды одан әрі нығайтуға да қызмет етеді, – деді Мемлекет басшысы.

С.Шойгу кездесу үшін алғыс айта отырып, Қазақстанның Қор­ға­ныс министрлігі басшылығымен жүргізілген келіссөздер туралы айтты.

Мемлекет басшысы мен Ресей Қорғаныс министрі екі елдің қор­ғаныс саласындағы өзара ық­пал­дастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, тиісті келісімдерді одан әрі іске асырудың негізгі жолдарын белгіледі.

-----------------------------------------

Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.