«Тұранның» бас бапкері Абдухалық Бөрібаев маусымның аяқталуын күтпей, клубтан кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл жайында Meta-ratings.kz сайтына мәлімдеген.
52 жастағы маман Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу бойынша осы маусымға қойылған тапсырманы орындады десек те болады. Себебі чемпионаттың аяқталуына дейін 6 тур қалды және түркістандық клуб он үшінші орында тұрған командадан 5 ұпайға озып кетті.Бөрібаев қол астындағы қызметкерлермен және клубтың жаңа басшылығымен дұрыс байланыстың болмауынан осындай шешім қабылдаған. Кеше бас бапкер ойыншыларға командадан кететінін хабарлады.