Мәжіліс пен Сенат Бюросы өз отырыстарында Игорь Мусалимовтың ТМД парламентаралық Ассамблеясындағы Қазақстан Парламентінің өкілетті өкілі лауазымына кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Игорь Мусалимов дипломатиялық жұмыста үлкен тәжірибеге ие, Қазақстанның Беларусь, Литва, Чехия, Грузия, Молдовадағы дипломатиялық өкілдіктерінде жұмыс істеді. 2019 жылғы маусымнан бастап ҚР СІМ Әдеп жөніндегі уәкілі қызметін атқарған.
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құрамына кіретін әрбір парламент ТМД ПАА Кеңесінің Хатшылығына тұрақты негізде жұмыс істейтін өзінің өкілетті өкілін жібереді.