«Астананың» бас менеджері Александр Винокуров Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының базасы болатын жаңа команда құрғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Біздің құрлықтық Vino-Astana Motors командасының тәжірибесін қолдана отырып, Солтүстік Қазақстан облысы басшылығының қолдауымен біз Vino Junior Team мен Iuvenis Cycling Academy/RuleCycling-Movijerez велоакадемияларының негізінде Хуан Карлос Молинамен бірлескен қазақ-испан жасөспірімдер командасын құратын болдық», деп жазды Винокуров Инстаграмдағы парақшасында.
Жаңа команда Испанияның Андалусия аймағында, Херес-де-ла-Фронтера қаласында орналасып, 17-18 жастағы жасөспірімдер тәжірибе жинауы үшін Испания мен Еуропа елдеріндегі әр түрлі халықаралық жарыстарға қатысады деп жоспарлануда.
«Осылайша бәріміз бірігіп, қазақстандық велоспортты дамыту үшін тағы бір қадам жасамақпыз», деп қорытындылады Винокуров.