Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сауран АПБ-не жүк көліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті.
Дерек ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша СДТБТ-де тіркелді. Полицейлер оқиға орнына келіп, қажетті іс-шаралар кешенін өткізді.
Шымкент-Самара тас жолының 135 шақырымында Шымкенттен Түркістанға қарай бара жатқан DAF 460 жүк көлігінің жүргізушісі DAF 105 жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. DAF 460 автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.