Ресейдің әскери күштері Эль-Музейрибе ауылындағы содырларды қару-жарақтарын жинауға көндіргеннен кейін Сирияның Деръа провинциясы орталық үкіметтің бақылауына оралды, деп хабарлайды Egemen.kz РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап.
Үкімет әскері аталған елді мекенге он жылдық шайқастардан кейін кірді. Көшелерде оларды жергілікті тұрғындар қарсы алды.
«Балаларды көргенде, егер біз бейбіт келісімге келе алмасақ, ұрыс қайта басталады, мүмкін, бұл балалардың кейбірі, өкінішке орай, аман қалмайтынын түсінеміз. Сондықтан орнаған бейбітшілікке қанағаттанамыз», деді журналистерге соғысушы тараптарды татуластыру орталығының өкілі Александр Гуляев.