• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қыркүйек, 2021

Маңғыстауда бекіре аулаған браконьер ұсталды

612 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті Қарақия шекара басқармасының шекарашылары заңсыз балық аулаған браконьерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Браконьерден 400 килограмнан астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

«Ер адам схрон жағасында жабдықталған 55 дана бекіре тұқымдас балықты көлікке тиеуге тырысты. Жүктің жалпы салмағы 400 килограмнан асады. Заңсыз ауланған бекіре балығынан мемлекетке келтірілген шығын шамамен 87 миллион теңгені құрады», деді Маңғыстау облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің баспасөз орталығының жетекшісі Ерсін Қайбуллин.

Ұсталған азамат Қарақия аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды.