• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қыркүйек, 2021

Авиакомпаниялар сот шешімінсіз жолаушыларды «қара» тізімге енгізе алмайды

158 рет
көрсетілді

Авиакомпаниялар жолаушыларды әуе тасымалы шектеулі адамдардың тізіміне тек сот шешімі бойынша кіргізе алады. Бұл туралы Мәжілісте көлік мәселелері бойынша түзетулердің таныстырылымында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Берік Камалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қара» тізімге келетін болсақ, авиакомпаниялар оны өздері жасайды. Негізінен, 99% жағдайда «Эйр Астана» әуекомпаниясы өз тізімін жасайды. Енді біз осы тізімге адамдарды тек сот шешімімен ғана қосуды ұсынамыз. Олар әуежайға келгеннен кейін әкімшілік хаттама жасап, сот шешіміне дейін уақытша «қара» тізімге енгізе алады», деді Камалиев.

Осылайша, ұсынылған заң жобасына сәйкес, азаматтар мұндай тізімге тек ұшақ бортындағы құқық бұзушылықтар үшін және оларды қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту нәтижесінде кінәсі дәлелденген жағдайда ғана тіркеледі.

Сондай-ақ, заң жобасымен «әділ мәдениет» институты енгізілуде, оның негізгі қағидаты - азаматтық авиация саласындағы қасақана бұзушылықтарға немесе дұрыс емес мінез-құлыққа қатысты төзбеушілік.