• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Қыркүйек, 2021

«Жер алып беремін» деген алаяқ ұсталды

404 рет
көрсетілді

«Жер алып беремін» деп алаяқтық жасаған түркістандық ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленушінің айтуынша, ескі танысы 2019 жылдың шілде айында «Таныстарым бар. 10 сотық жер алып, заңдастырып беремін» деп сендіріп, алаяқтық жолмен 200 000 теңгесін жымқырған. Алайда бір жылдан астам уақыт өтсе де не жерін ала алмаған, не ақшасын қайтармаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері АПБ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. 

Қалалық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәлардан жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ол Полиция басқармасына жеткізілді.

Ұсталған ер адам жергілікті тұрғын болып шықты. Сондай-ақ түркістандық полицейлер алаяқтық жолмен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергенін анықтады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.