«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына байланысты жиын өткізді.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Мұрат Нұғманов гарнизон әскери бөлімдері мен мекемелері жеке құрамымен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Жолдауының маңызына жан-жақты тоқталды.
Жоғарғы Бас қолбасшы: «Стратегия – бұл қазақстандықтардың өмірін және еліміздің өркендеуін күн сайын, жыл сайын жақсартатын нақты істердің бағдарламасы. Сонымен бірге, оң нәтижеге жету үшін әрбір адам тиімді жұмыс істеуі тиіс. Мемлекеттің басты міндеті – нақты жағдай жасау», деді. Және де біздер, әскери қызметшілер үшін қажетті барлық жағдайлар жасалған. Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасы бойынша әскери қызметшілер баспанамен қамтамасыз етілген, Қазақстан армиясы қазіргі заманғы әскери техникамен, қару-жарақпен жабдықталған.
Сондай-ақ, жиналыс барысында Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын жүзеге асыруға байланысты жұмыстардың негізгі межелері белгіленді. Ақтөбе гарнизоны әскери қызметшілері Мемлекет басшысының идеялары өздеріне қанат бітіргендігін және Қазақстан Республикасының әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуына өздері тараптарынан бар күш-жігерлерін арнайтындықтарын атап өтті.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
АҚТӨБЕ.