Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы дәстүрлі Жолдауды талқылап, жарқын өмір сүруіміздің басты құжаты деген шешімге келді. Елбасымыздың алға қойған мақсаттары мен міндеттерін бірауыздан қолдаймыз.
Қазақстан – бейбітшіліктің, татулықтың ордасы. Ауызбірлік пен ынтымақтың арқасында еліміз күн санап өркендеп келеді. Өркениетті 30 мемлекеттің қатарына кіруге арналған мемлекеттік даму бағдарламасын толық орындауға ішкі-сыртқы әлеуетіміз жеткілікті. Ең бастысы, «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген қағидаттар ұрпақтар сабақтастығын одан әрі бекітіп, ұлтаралық тұтастықты көздің қарашығындай сақтауға жетелейді.
Екінші жағынан, өте ауқымды бағдарлама бәрімізден барынша күш-жігермен жұмыс істеуді талап етеді. Бір-бірімізбен түсінісе отырып, ортақ Отанымыздың өсіп-өркендеуіне қызмет етуден асқан абырой болмаса керек.
Марал ЖОЛМҰҚАНОВ,
төтенше жағдайлар
бөлімінің инженері.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Жамбыл ауданы.