• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қыркүйек, 2021

Серік Егізбаев Апостолдық Нунциймен кездесті

182 рет
көрсетілді

2021 жылғы 21 қыркүйекте Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев Қазақстандағы және Тәжікстандағы Апостолдық Нунций Фрэнсис Ассизи Чулликаттпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу кез келген қақтығыстарға белсенді түрде қарсы шыққан, басқа да конфессиялармен белсенді байланыс орнатқан, дінаралық диалогтың жақтаушысы Рим Папасы Иоанн Павел II-нің Қазақстанға сапарының 20 жылдығы қарсаңында өткізілді.

Кездесу аясында тараптар мемлекеттік-конфессиялық қатынастар және діни бірлестіктер қызметінің өзекті мәселелерін талқыға салды.

Вице-министр Апостолдық нунциатураның бейбітсүйгіштік пен төзімділікті сақтауға қолдау көрсетуін, Қазақстан католиктерінің өрлеу мен гүлденуге, біртұтастық пен ауызбіршілікке ұмтылысын қолдаудағы рөлін ерекше атап өтті.

Кездесу барысында Серік Егізбаев қазіргі уақытта Қазақстанда Римдік-католиктік шіркеудің 86 діни бірлестігі қызмет атқарып, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша мемлекетпен өзара конструктивті қарым-қатынас орнатқандығын айтты.

Өз кезегінде Нунций Ватикан мен Қазақстан арасында дінаралық және мәдениетаралық өзара әрекеттестікті дамыту, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатуға қажетті күш-жігерін салатындықтарына сенім білдірді.