• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 21 Қыркүйек, 2021

Тұрақты азық-түлік жүйесін қаржыландыру

306 рет
көрсетілді

БЕЙЖІҢ. Жаһандық азық-түлік жүйесі тұрақты емес. Оның құны жылына шамамен 8 триллион долларды құраса, теріс әсері 12 триллион доллардан асып кетті. Бұл жүйенің бір ғана қарама-қайшылығы емес. Әлемде азық-түлік жүйелері климаттың өзгеруіне әсер етеді (ауа райының бұзылуы мен температураның жоғарылауы) және оған айтарлықтай үлес қосады (парниктік газдар шығарылымы мен биоәртүрліліктің жойылуы). Осы саладағы миллиондаған жұмыс орнының көбі қара күшті қажет етеді әрі жалақысы төмен. Ең маңыздысы, бас­ты мақсаты – баршаға қолжетімді, пайдалы тамақпен қамтуға қол жеткізе алмайды.

Ғаламдық азық-түлік жүйе­сіне уақыт талабына сай өзге­ріс қажет. Бірақ әлем тұр­ғын­дары қоректенетін азық-тү­лік шығаратын инклюзивті, тұрақ­ты секторды құруға қажетті тү­бе­гейлі реформалардың қысқа мерзімді зардабы жойқын болуы мүмкін. Егер бұрыс көз­қа­рас ұстансақ, өндірістің нақ­ты шығындарын азық-түлік жүйесіне қосу жаппай бан­крот­тық­қа, ауылдардағы жұ­мыс­сыз­дық­қа, бағаның көтерілуіне және кедейліктің тез таралуына әкелуі мүмкін.

Баршаға қолжетімді, пайдалы тамақпен қамтамасыз ете­тін әлемдік азық-түлік жүйе­сі­не тез, әділ және қауіпсіз көшу­дің тиімді жолы әлі де қызу талқыланып жатыр. Осы айда БҰҰ Бас Ас­сам­блеясы аясында өткен БҰҰ-ның Азық-түлік жүйе­лері сам­миті кезіндегі талқы­лау­лар­дың нә­тиж­есіз аяқталғаны бұған дәлел.

Өнді­рістік тұрғыдан алғанда, ре­ге­неративті фермерлікті жақтайтындар зертханада өсірі­летін «баламалы ақуыз» бен вер­тикальды егіншілік се­кіл­ді топырақсыз азық-түлік өнді­рі­сіне үзілді-кесілді қарсы. Бірақ регенеративті егіншіліктен тез пайда табу қиын. Топырақсыз жүйелер көмірқышқыл газы мен суды пайдалануды күрт төмендетіп, биоәртүрлілікке ти­гіз­етін әсерін азайтып, арзан, пайдалы тағамды жылдам жет­кізуге жол ашады. Осындай өт­пе­лі кезеңдегі қаржының рөлі­не ешкім таласпайды.

Жаппай жаһандық азық-тү­лік жүйесіне әсер ететін санау­лы «ойыншының» шектеусіз ықпалына наразылар көп. Тәуе­кел­ді ескеріп, пайданы арттыруды көздейтін қаржыландыру түрі жаһандық азық-түлік жү­йе­сінде басымдыққа ие әрі на­рықтағы үлесі өсіп келеді. Мы­са­лы, он компания әлемдегі тұ­­қым нарығының жартысын ба­қ­ы­лайды, ал 4 агрокомпанияға шартараптағы дәнді дақылдар саудасының 90 пайызы тиесілі. Ауыл шаруашылығы ферма­ла­ры­ның 1 пайызы ғана қолдануға жарамды жердің 65 пайызын ием­денген.

Қаржыландыру шағын фермерлер мен қауымдастықтардың кіріс­терін қысқартып, эконо­ми­ка­лық кірістердің тең бөлінбеуіне әкеледі. Пайдалы, арзан азық-түлік пен тұз, қант, май мен көмір­сулар секілді жетіспейтін азық-түлік шығаратын бизнес-мо­дельдерді қолдайды. Соны­мен қатар қаржыландыру кор­по­ративтік лоббизмді күшей­те­ді. Сөйтіп денсаулық сақтау шы­ғынын көбейтіп, ауыл шаруа­шы­лығына берілетін субсидия­ла­рды сақтайды және климат пен табиғатқа кеткен қаражат қар­жы­лық нәтижелерге теріс әсер етпеуін қамтамасыз етеді.

Бірақ жеке капитал жаһандық азық-түлік жүйесінің ауысуын қаржыландыру үшін өте қажет. Зейнетақы қорлары, банктер және жекеменшікті капитал бас­қа­ратын үлкен қаржылық ресурс­тард­ы пайдалануымыз керек. Бұл рет­те қаржыландыру қаупін азайта аламыз.

Finance for Biodiversity бастамасы «Қаржыны азық-түлікке жұмсау: тұрақты азық-түлік жү­йе­­сін қаржыландыру» атты соңғы баяндамасында жаһандық қаржыландырудың транзитке тигізетін ықпалын көрсетті. Food System Economics Commission-мен бірлесіп жасалған есеп келешекте азық-түлік жүйесін өзгер­тетін 4 қаржылық әдіс көрсе­тіл­ген.

Біріншіден, акционерлер мен қоғамдық белсенділікті кү­шей­те­тін қаржылық саясат пен реттеу инвесторларды табиғат пен климат шығынын есептеуге итер­ме­леуге тиіс. Бұл өзгеріс лас ак­тивтерді жойып, жасыл эко­но­микаға қолайлы инвестиция тар­тады.

Екіншіден, қаржылық жаңа­шыл­дықтар, оның ішінде мем­ле­кеттік және жеке аралас ше­шімдер, шаруашылықтың кли­мат­қа және табиғатқа қолайлы түрлерін, өндірілетін салауатты азық-түлікке салынатын инвестицияларды жеделдету үшін қажет. Осылайша, шығындар азайтылады. Мұндай жаңашылдықтар жаңартылатын энергия көздеріне инвестицияларды катализдеуде үлкен мөлшерде қолданылатын тариф­терге тең экстенсивті құ­рал­­дарды қамтуы мүмкін.

Үшіншіден, транзит кезінде өмір сүру деңгейі төмендеген адам­дарды қорғау және қайта даяр­лау үшін саясат пен мем­ле­кеттік қаржы қажет. Мақсат – азық-түлік өндірісінің ком­мер­ция­лық жарамды регенера­тив­ті және топырақсыз формаларына иелік етуге және пайдалануға мүмкіндік беретін технологияны, біліктілікті және капиталды қамтамасыз ету.

Соңғысы – азаматтарға мүм­кін­дік беруіміз керек, әсіресе, цифр­ландыру қуатын пайдалану арқылы. Тұтынушылар ретінде олар жақсартылған, тұрақты дие­таны қабылдау арқылы әсер ете алады. Инвесторлар, зейнетақы полисін ұстаушылар және салық төлеушілер ретінде олар өз ақ­ша­­ларын тиімді пайдалануды жақтайды.

Инклюзивті және тұрақты жаһандық азық-түлік жүйесіне кө­шуді кейінге қалдыру азық-тү­лік қауіпсіздігіне қауіп төн­ді­ре­ді, өмір сүру жағдайын бұзады және экологиялық мақсаттарға қол жеткізуге кедергі келтіреді. Қазіргі жүйеден пайда табатындарды ғана емес, осал топтарды қорғауға тырысатындардың да қарсылығын жеңуіміз керек. Жаһандық қаржыны қал­пына кел­тіру және оның артық­шы­лық­та­рын пайдалану тез, тұ­рақ­ты және әділ өтуді қаржы­лан­дыру үшін қажет.

 

Саймон ЗАДЕК,

Биоәртүрлілік бастамасы қаржы бөлімінің төрағасы

Copyright: Project Syndicate, 2021.

www.project-syndicate.org