• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қыркүйек, 2021

Дүниежүзілік банкпен ынтымақтасады

292 рет
көрсетілді

Еліміздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто мырзамен кездесті.

Кездесу барысында агенттік төраға­сы Дүниежүзілік банкке мем­лекеттік қызметті жетілдіру саласын­дағы агент­тікпен ұзақ мерзімді ынтымақ­тастығы және тәжірибесін  бөлісуге дайындығы үшін алғыс білдірді.

А.Жайылғанова Дүниежүзілік банк өкілдеріне агенттікке қашықтан жұмыс істеу бойынша халықаралық тәжіри­бесімен бөліскені үшін ризашы­лығын білдіріп, аталған тәжірибе Қазақ­стан­ның мемлекеттік қызметшілері үшін қашық­тан жұмыс істеуді енгізу кезінде негіз болғанын атап өтті.

«Былтыр Дүниежүзілік банктің қолдауымен агенттік Қазақстанның мемле­кет­тік қызметіне Covid-19 әсері туралы сауалдама жүргізді, оған Қазақ­станның мемлекеттік қызметшілерінің 55%-ы қатысты. Сауалдама нәтижелері мемлекеттік қызметшілердің икемді кесте және қашықтан жұмыс істеу, сондай-ақ жұмыс процестерін цифр­ландыру сияқты балама жұмыс жағ­дайларын енгізуге оң көзқараспен қарай­тындығын көрсетті», деді агенттік төрағасы.

Сондай-ақ агенттік басшысы биыл шілде айында Дүниежүзілік банк ұйымдастырған онлайн семинарға тоқталып өтті. Семинар барысында адами ресурстарды басқарудың цифр­ландыру мен ақпараттық жүйелеріне баса назар аудара отырып, мемлекеттік қызметті жаңғыртудың халықаралық тәжірибесімен танысуға, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды реформалаудың басқа да мәселелерін талқылауға мүм­кіндік болды.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қыз­мет­керлер үшін цифрлық жұмыс орнын құруға, оның ішінде iQyzmet плат­формасының көмегімен стратегиялық кадрлық жоспарлауды енгізуге және ішкі бизнес-процестерді барынша тиімділік пен икемділік жағына қайта қарауға бағытталған агенттіктің алдағы жоспарлары туралы айтты.

Кездесу барысында Дүние­жүзілік банк қолдау көрсете алатын агенттік­тің мемлекеттік қызметті дамы­ту жөнін­дегі перспективалық жоспар­лары тал­қыланды. Өз кезегінде, Дү­ние­жүзі­лік банктің Тұрақты өкілі Қазақ­стан­ның Дүниежүзілік банкпен ынты­мақтас­тығы аясында Мемлекеттік қыз­мет істері агент­тігімен жеке келісім жаса­су мә­се­ле­сін қарауға дайын екенін білдірді.

 

«Егемен-ақпарат»