• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Өнер 22 Қыркүйек, 2021

Талантымен тәнті етті...

367 рет
көрсетілді

«Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көптеген халықаралық байқаудың бас жүлдегері Бақтияр Адамжан әлемдік балет өнерін жақсы көретін қауымды өз талантымен тәнті етті.

Қазақстандық жұлдыздың балеттік маусымы тамыз айын­да Италияда басталып, онда ол «Роберто Болле және оның дос­тары» атты гала-концертке қа­тысса, таяуда Рим операсы теат­рында алғаш сахналанған бел­гілі хореограф Ролан Петидің «Па­риж Құдай анасының соборы» балетінде Квазимодо партиясын ұсынды. Енді дарынды өнерпаз Ресей, Ямайка және Аустралия елдерінде өнер көрсетеді.

Танымал бишінің талан­ты­на дән риза болған La Voce di New York интернет-газе­тінің америкалық тілшісі Мария-Тереза Антониоц­ци өз ма­қа­ла­сында ол туралы: ­ «Кеш шы­мыл­дығы Риккардо Дри­гоның музыкасына Ма­риус Пети­паның хореогра­фия­­сындағы «Кор­сармен» ашылды, сахнада – таң­ға­жайып Бақтияр Адамжан, ол өзінің жылдам қимылдары­мен, шебер техни­касымен кө­рер- ді баурап алды...», деп жазыпты.

Өрелі өнер иесі биылғы 2 және 3 тамыз күндері жоғарыда айтып өткен «Роберто Болле және оның достары» атты екі гала-кон­­цертте, әлемнің қос жұлдызы – Вена операсының прима-бале­ринасы Людмила Коновалова және Нидерланд Ұлттық бале­тінің прима-балеринасы Майя Махателимен бірге сахнаға шы­ғып, тыңдармандарын жылы әсерге бөледі. Сондай-ақ оның «Париж Құдай анасының соборы» қойылымындағы Квазимодо партиясы да көрермендердің кө­ңілінен шықты.

− Алдағы қазанда Андрис Лие­паның шақыруымен Ресейдегі Кремль сарайының сахнасында өнер көрсетемін. Ал қаңтарда The Ballet International Gala жоба­сына қатысуға Аустралияға бара­мын. Бұл ауқымды шараға сол елдің мемлекет басшысы көңіл бө­­ліп отыр, сол үшін әлемдік театр­ларға арнап үздік алаң жа­сақ­талған. Осында бірге өнер көр­сетуге труппамыздың балет со­лисі Шұғыла Әдепханға ұсы­ныс жасадым. Қолымнан кел­ген­ше отандық балеттің жо­ғарғы деңгей­де екендігін таныту – мақса­тым, − дейді Бақтияр Адамжан.