• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қыркүйек, 2021

Байден жаңа пандемияға дайындалуға шақырды

156 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Джо Байден БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясында сөйлеген сөзінде әлемдік қоғамдастыққа үндеу тастап, келесі пандемияға бірлесіп дайындалуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байден бүгінде әлемнің барлық елі таңдау алдында тұрғанын айтты.

«Біз адам өмірі үшін бірге күресеміз бе, COVID-19-ды жеңу үшін жиналып, келесі пандемияға қарсы тұру үшін барлық қажетті қадамдарды жасаймыз ба? Ертерек қамданбасақ вирустың жаңа, қауіпті нұсқаларына тап болғанда қолда бар құралдар мен білімді қолдана алмай қаламыз», деді Ақ үй басшысы.

Байденнің сөзі CNBC Television YouTube-арнасында жарияланған.