• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Білім 22 Қыркүйек, 2021

Білім саласындағы құқықбұзушылық туралы қайда жүгінуге болады?

585 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар аумақтық департамент басшыларына білім беру саласындағы қандай да бір проблемалар туралы тікелей хабарлай алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Оның қатарында мектепте ақша жинау, мұғалімдерді өзіне тән емес жұмысқа тарту, педагогикалық этиканы бұзу, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік жүйелері элементтерінің болмауы немесе жұмыс істемеуіне (бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары) қатысты және т.б. мәселелер болуы мүмкін», деп жазады БҒМ баспасөз қызметі. 

Бұған дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті азаматтардың өтініші үшін жедел желі телефонын қосқан болатын. Өткен демалыс күндері Комитетке 300-ге жуық қоңырау шалынып, хабарлама түскен. 

Естеріңізге сала кетсек, оқу жылының басында ҚР Білім және ғылым министрі азаматтардың өтінішін, шағымы мен ұсынысын жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) қарамағындағы білім басқармасы басшыларына жедел қарастыруды тапсырған болатын. Олар мектептерге, сонымен бірге бүкіл оқу процесін ұйымдастыруға байланысты мәселелермен айналысады.

«Азаматтар жауапты тұлғаларға тікелей хабарласып, кері байланыс пен қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақытылы ала алады», деп жазылған хабарламада.

Департамент басшыларының байланыс нөмерін БҒМ-ның әлеуметтік желілердегі парақшасынан көруге болады.