• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қыркүйек, 2021

Гаитиде африкалық оба өршіп тұр

505 рет
көрсетілді

Гаитиде 37 жыл ішінде алғаш рет шошқаның африкалық обасы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы (OIE) Гаитидің Доминикан Республикасымен шекарасына жақын орналасқан Анс-А-Питр қаласы 26 тамызда басталған індеттен зардап шекті деп мәлімдеді.

Ауру АҚШ-қа таралуы және елден шошқа етінің экспортына уақытша нұқсан келтіруі мүмкін деген алаңдаушылық тудырды.

Шошқаның африкалық обасы - инкубациялық кезеңі екі аптаға дейінгі жұқпалы ауру, оны жануарлар тасымалдайды. Вирус ағзаға тамақ, терідегі жаралар, шырышты қабық, жәндіктердің шағуы арқылы енеді. Адамның жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ, бірақ ғалымдар мұндай қауіпті жоққа шығармайды.