• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қыркүйек, 2021

Ертең ауа райы қандай болады?

289 рет
көрсетілді

Қазақстандық синоптиктер 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ оңтүстік-шығысының таулы аудандарында фронтальдық бөліктердің ықпалымен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, осыған байланысты жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстікте аздаған жауын-шашын болады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында желдің күшеюі, батыста және оңтүстік-батыста - шаңды дауыл, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында - тұман күтіледі», деп жазады «Қазгидромет» РМК.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында күн күркірейді, түнде және таңертең жағалауда тұман түседі, күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауылмен 15-20 м/с жел күшейеді.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысының оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі, түнде оңтүстікте және орталықта, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде және батысында 15-20 м/с жел тұрады.

Павлодар облысының солтүстігінде және батысында, түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Түнде солтүстікте, Алматы, Жамбыл облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

«Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады», дейді «Қазгидромет» РМК.