Батарея қуаты болашақтың автокөлік технологиясына айналуы мүмкін, бірақ сутегіні естен шығаруға болмайды.
Кейбір ірі автокөлік өндірушілері, соның ішінде BMW (BMWG.DE) және Audi (VOWG_p.DE) қазба отыннан бас тартып, тоқпен жүретін көліктерге басымдық бермек. Сондай-ақ сутегі отынымен жүретін жеңіл автокөліктердің прототиптерін жасап шығарады.
Жаһандық автомобиль алыбына айналу – Германияның басты назарында. Соған байланысты қазірдің өзінде климаттық мақсаттарға жету үшін болат пен химия секілді секторларда сутегі отынына ерекше мән беріп отыр.
BMW сутегімен жүретін көлік шығару бойынша Германияда алдыңғы орында тұр. Компания автомобиль өндірушілерінің арасында 2030 жылы жаппай нарыққа шықпақ.
Сутегімен жүретін автокөлік бағдарламасын басқаратын BMW-ның вице-президенті Юрген Гульднер Reuters агенттігіне автоконцерн 2022 жылы 100-ге жуық машина шығаратынын айтқан.