Көптеген дамушы елде екі жасқа дейінгі балалардың тек үштен бір бөлігі сау өсуіне қажет өніммен тамақтанады. Соңғы онжылдықта олардың тамақтануы жақсарған жоқ.
ЮНИСЕФ-тің жариялаған есебіне сүйенсек, COVID-19 дағдарысы мен қақтығыстар салдарынан 91 елдегі балалардың тамақтануы мүлдем қиындап кеткен. Дамушы елдерде 6 айдан 23 айға дейінгі балалардың жартысы күнделікті қажет тамақтың ең аз мөлшерін де алмаған.
Бейсенбіде Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік қауіпсіздігі саммиті қарсаңында ЮНИСЕФ-тің Ұлыбритания өкілдігі Тұманды Альбион тамақтануға инвестиция салу арқылы бұл мәселені шешуге көмектесетінін айтты.
Дұрыс тамақтанбаудың салдарынан балалар мектептен қалып, ауруға шалдығуы мүмкін. Соның ішінде бойлары өспей, арықтап немесе артық салмақ қосып, семіріп кетулері мүмкін. ЮНИСЕФ-тің бағалауы бойынша бүкіл әлем бойынша екі жасқа дейінгі 11 миллионнан астам бала осындай зардап шегіп жүр.