• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 23 Қыркүйек, 2021

Мемлекет басшысы әлемдегі азық-түлік тапшылығы туралы айтты

396 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Жалпы дебаттарында сөйлеген сөзінде биыл 270 миллион адам азық-түлік тапшылығын сезінетінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан – ірі бидай өндіруші және экспорттаушы ел. Сондай-ақ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының негізін қалаушылардың бірі. Оның төртінші Бас ассамблеясы өткен айда елордамызда өтті. Біз орнықты ауыл шаруашылығының жарқын болашағы үшін шетелдік инвесторларды өзімізге шақырамыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, орнықты даму экономикалық өсімге ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік және саяси дамуға да байланысты. Қазақстан 30 жыл ішінде кемеліне келген, тәжірибелі мемлекет болды. Демократияға бейілдігін нығайтуға және азаматтардың басқару ісіне кеңінен атсалысуына ықпал етуге ұмтылады.