Хабаровск өлкесінің мемлекеттік табиғи қорықтары мен ұлттық парктерінің біріккен дирекциясы «Амур аймағының қорығы» Хабаровск маңында жоғалып кеткен Ан-26 ұшағының сынықтары табылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Корфовский ауылының маңында жоғалған ұшақтың сынықтары табылды», деді дирекция.
22-ші қыркүйекте Ан-26 ұшағы Хабаровск әуежайынан 38 км қашықтықта радардан жоғалып кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта алты адамнан тұратын ұшу құрамы болған. Ұшақ техникалық рейс жасады. Іздеуге 70-тен астам құтқарушы мен 20 бірлік техника жұмылдырылды.