• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Қыркүйек, 2021

Сенатор министрліктен алдағы Олимпиадаға дайындық туралы талап етті

206 рет
көрсетілді

Сенатор Нұржан Нұрсипатов Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы Мәдениет және спорт министрлігінен ақпарат беруді талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатор еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спортын қаржыландыруды ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті. Депутаттың пікірінше, Президенттің бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін белсенді жұмыстар жүргізілуі қажет.

Нұржан Нұрсипатов сондай-ақ алдағы Олимпиадаға дайындықтың барынша жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін қажетті шаралар, оның ішінде заңнамалық сипаттағы ұсыныстар туралы салалық министрліктен хабардар етуді сұрады.

«2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Яғни олардың басталуына бес айдан аз уақыт қалды. Осы орайда өткен жазғы Олимпиада нәтижесінің қайталануын бәріміз де қаламаймыз. Осыған байланысты алдағы ойындарға дайындық деңгейі қандай? Токиодағы жағдайдың қайталанбауы үшін не істеу керек? Біздің «қысқы» құраманы іріктеу, жаттықтыру және қаржыландыру жұмыстары қалай жүргізіледі деген сұрақтар туындайды», деді Нұржан Нұрсипатов.