• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда дизель отынына сұраныс артты

413 рет
көрсетілді

Қазақстанда дизель отынын рекордтық тұтыну байқалуда. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл дизель отынын тұтынудың айтарлықтай өсуі байқалады, шыңы 2021 жылдың тамызына келді. Тұтыну көлемі 519 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 84 мың тоннаға және 2019 жылмен салыстырғанда 37 мың тоннаға артық. Бұл елдің ішкі нарығының тарихында бір айдағы тұтынудың рекордтық көрсеткіші. Қыркүйектің бірінші жартысының қорытындысы бойынша біз тұтынуға қатысты осындай жағдайды байқап отырмыз», деді ол.

Оның айтуынша, тұтыну өсімінің негізгі себептерінің бірі транзиттік жүк тасымалының маусымдық ұлғаюы болып табылады.

«Бүгінде Қазақстанда дизель отыны көрші елдерге қарағанда арзан, Ресейден - 90 теңгеге, Өзбекстанмен салыстырғанда - 77 теңгеге және Қырғызстанмен салыстырғанда - 60 теңгеге арзан. Айырмашылықтың жоғары болуына байланысты бізде барлық транзиттік жүк көліктері толтырылады. Ірі ЖМҚС ақпараты бойынша, қалалық ЖМҚС шамамен 80% бензин мен 20% дизель отынын сатады, ал трассаларда орналасқан ЖМҚС-да кері арақатынас байқалады», деп нақтылады ведомство өкілі.

Энергетика министрлігінің деректері бойынша ресурс ұстаушылардың босату бағасы тоннасына 189 мың теңгені немесе литріне 159 теңгені, «АМӨЗ» ЖШС-не тоннасына 187 мың теңгені немесе ҚҚС-ты қоса алғанда 159 теңге/литрді құрайды. Жеткізу мен сақтауды ескере отырып, дизель отынының бағасы өңірге байланысты шамамен 175-180 теңгені құрайды, бұл ЖҚС бағасынан арзан.