• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қыркүйек, 2021

Ресейдегі ұшақ апаты: Экипаж мүшелерінің мәйіті табылды

219 рет
көрсетілді

Хабаровск өлкесінде Ан-26 ұшағы құлаған жерден экипаж мүшелерінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.

«Мәскеу уақытымен сағат 10.55-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 13.55) Ан-26 апат орнына алғашқы іздестіру тобы шықты. Экипаждың барлық мүшесі қайтыс болды, мәйіттері табылды», деді агенттікке төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.

Хабаровск маңында жоғалып кеткен Ан-26 ұшағының сынықтары Большехехцир мемлекеттік табиғи қорығы жотасының жоғарғы жағында табылған.

Айта кетейік, Ан-26 ұшағы Ресейдің Хабаровск өлкесінде радардан жоғалып кеткені хабарланған болатын. Ведомство мәліметінше, Ан-26 бортында алты адам болған.