• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Қыркүйек, 2021

Депутаттар ауылда дәрігер санын арттыруды сұрады

322 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ҚР Премьер-Министрі Е.Тоғжановтан ауылдық елді мекендердегі дәрігер жетіспеушілігін шешуді сұрады, деп жазады Egemen.kz.

Депутаттар ауылдық елді мекендерге медицина мамандарын тартуға бірқатар жұмыстар жасалғанына қарамастан, облыстарда, соның ішінде шалғай аудандарда кейбір дәрігер мамандар әлі де жетіспей жатқанын жеткізді.

«Мысалы, кез келген медициналық оталарда өте қажетті анестезиолог-реаниматолог, сол сияқты инфекционист, травматолог, пульманолог, эндокринолог сияқты мамандар көптеген аудандарда жетіспейді. COVID-19 сияқты ауыр науқастан жазылған адамдарға реабилитолог қажет. Ол мүлдем жоқтың қасы. Оларды айтпағанда, акушер-гинеколог, хирург, фтизиатор сияқты мамандар да жетіспейді. Алыс аудандарда осындай кадр жетіспеуіне байланысты өздеріне келіп түскен ауруларды санитарлық-авиация шақыртып, облыс орталықтарына жіберуді жиілеткен. Бұның бәріне бюджеттен қаражат қажет», деді депутаттар.

Депутаттардың айтуынша, бұл еліміздің барлық облысына тән проблема. Мысалы,  Атырау облысы бойынша барлығы - 219, оның ішінде ауылдық жерлерге 63 маман жетіспесе, Маңғыстау облысы бойынша барлығы - 221, Батыс Қазақстан облысында барлығы 267 маман жетіспейді.

Жағдайдың бұлайша ушығуына грант бойынша оқыған медициналық ЖОО кейбір түлектерінің міндетті бөлу әдісіне бағынбай, өздері бөлінген жұмыс орнына бармай қалулары себеп болып отыр. Сонымен қатар, медициналық жоғары оқу орындары үшін бөлінетін грант саны түсініксіз себептермен 2020 жылы азайыпкеткен (2019 ж-4685, 2020 ж-4638 грант).

Депуттарттар осы мәселелерді ескере келе, «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалдыбағдарламасы Жол картасының орындалуына сәйкес, 2021 жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарына грант санын ұлғайтуды ұтымды пайдаланып, кадр жетіспеу мәселесін шешуді, сондай-ақ грантпен оқыған түлектердің өздері бөлінген жұмыс орнына себепсіз бармай қалуын тоқтатуды сұрады. Сонымен қатар  медицина маманы жетіспейтін аймақтарда квота санын көбейтуді, ауылдық елді мекендердегі жалпы практика дәрігерлерін біліктілік арттыру курсына жіберу арқылы ауылдық жерге қажет дәрігерлерді тартуға мүмкіншілік қарастыруды сұрады.