• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 24 Қыркүйек, 2021

Бас прокурорлар бас қосты

210 рет
көрсетілді

Елордада ТМД-ға мүше мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің жиыны өтіп жатыр. Осымен 31-рет ұйымдастырылып отырған іс-шараның ашылу салтанатына Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің Бас прокурорлары қатысты.

Мемлекеттік хатшы Қазақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқып беріп, жиын жұмы­сына табыс тіледі.

«Сіздерді Қазақстанда қар­сы алып жатқанымызға шын жүректен қуаныштымын. ТМД елдері Бас прокурорлары­ның үйлестіру кеңесі – адам құ­қықтарын қорғау сала­сын­дағы үздік әлемдік прак­ти­­каларды зерделеп, тал­қылай­тын маңызды алаң. Өзара іс-қимылдың мұндай форматы – құқықтық саладағы тиім­ді халықаралық ынтымақ­тас­­тық­тың үлгісі. ТМД кеңіс­ті­гін­де заңдылық пен құқық­тық тәртіпті қамтамасыз ету үшін күш-жігер барған сайын сұра­нысқа ие болып келеді. Осы жағдайда үйлестіру кеңе­сі әріптестікті кеңейтуге және өңірдегі тұрақтылықты нығай­туға қомақты үлес қосады. Про­куратураның қызметі бү­кіл құ­қық қорғау жүйесінің тиім­ділігін­де, құқық үстемдігін қамта­ма­сыз етуде және заң ал­дын­дағы тең­дікте басты рөл атқарады. Қазақ­стан ТМД ел­дерінің қада­ғалаушы орган­дарының көп­жылдық ын­ты­мақтасты­ғын жоғары бағалайды. Бүгін осы са­ладағы өзекті сауалдар жеміс­ті талқы­ланып, бірлескен жұ­мыс­­тың жаңа басымдықтары бел­гі­­ле­­не­тініне сенімдімін. Оты­­рыс­­­қа қатысушыларға табыс және алға қойылған бар­лық мін­детті жүзеге асыруды тілеймін», делінген Пре­зи­дент­тің құттықтауында.

Ресей Федерациясының Бас прокуроры Игорь Краснов оты­­рысты аша отырып, Қа­зақ­­станның Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып, қазақ жерінде жылы шырай­мен қарсы алғаны үшін және кеңестің барлық мүше­сі­нің жеке кездесуіне мүмкін­дік бергеніне ерекше ризашы­лығын білдірді.

«Пандемияның шиеленіс­кен жағдайында көптен күт­кен бұл кездесу Қазақстан Рес­пуб­ликасының Бас про­кура­турасы мен үйлестіру кеңесі хат­шылығының ұжым­дары­ның үйлесімді жұмысы­ның нәтижесінде мүмкін болып отыр. Бұл біздің ынты­мақ­тастықты одан әрі дамытуға және өзекті мәселелерді бірле­сіп шешуге бағыт алғаны­мыздың көрінісі», деді Ресей Бас прокуроры.

Ал Қазақстан Республи­касының Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов іс-шараға қатысушыларды құттықтап, табысты жұмыс тілей отыра, осы бағыттағы бірлескен жұ­мыстың маңыздылығына тоқталды.

«Елдеріміздегі коронавирус жағдайының тұрақтануы іс-шараны дәстүрлі форматта өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Мен баршаңызды есен-сау көр­геніме қуаныштымын. Оты­рыс­қа Тәуелсіз Мемле­кеттер Дос­тастығына қатысу­шы мемле­кеттердің Бас про­куратура­лары­ның делегациялары қатысуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша құқық қорғау блогы мен сот жүйесін реформалау­ға бағытталған үлкен жұмыс жүріп жатыр. Прокуратура ор­гандарының қызметін қайта жүктеп жатырмыз десе де болады. Мұндағы мақсаттардың бірі – салалардың бәрінде, ең бірінші қылмыстық процестерде азаматтардың құқықтық кепілдігін күшейту. Бүгін біз тәжірибе алмасып, осы жұмыстың нәтижелері туралы айтып береміз», деді Ғизат Нұрдәулетов.

Осы жиын үшін елордаға арнайы келген Халықаралық прокурорлар қауымдастығының Президенті Чхоль-Кю Хван ТМД прокурорларына бір­лескен кеңес өткізуді ұсынды.

«ТМД-ға мүше мемлекет­тер­дің Бас прокурорларымен Қазақстан астанасында кез­десіп отырғаныма өте қуа­ныш­тымын. Халықаралық прокурорлар қауымдастығының атынан ТМД-ға мүше мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысымен құттықтаймын. ХПҚ Президенті ретінде мен үшін мұндай беделді мәжіліске қатысу – үлкен құрмет.

Халықаралық прокурорлар қауымдастығы осы үйлестіру кеңесінің мәжілістеріне 2017 жылдан бері қатысып келеді. ХПҚ сіздермен жақын әріптес болып үлгерді деген ойдамын. Халықаралық прокурорлар қауымдастығының Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы өкілдігі келесі айда Санкт-Петербургте ресми түрде жұмысын бастайды. Сон­дық­тан ХПҚ ТМД Бас про­ку­рор­ларының үйлестіру кеңесі­мен мейлінше тығыз бай­ла­ныста жұмыс істейді деп кү­теміз. Егер екі ұйым бірлес­­кен өңірлік конференция өткіз­­се, келешектегі тығыз әріптес­тік­ті ынталандыруға жол ашы­лар еді. Мен ұйымдар­дың бір­ге жұмыс істеуін жалғас­ты­ратынына сенімдімін. Осы арқылы трансұлттық қылмысқа бірлесіп жауап бере аламыз деп ойлаймын. Осылайша, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады», деді Чхоль-Кю Хван.

Сонымен бірге ол Халық­аралық прокурорлар қауым­дастығы халықаралық про­курорлық қызметтің жұмы­сын іл­­герілететін үлкен платформа құрып жатқанын хабарлады. Чхоль-Кю Хванның айтуынша, бұл платформа прокурорларға нақты ке­зеңде өзара әріптестік орна­туға мүмкіндік бермек.

Отырыс соңында ТМД елдері Бас прокурорларының үйлестіру кеңесі бірқатар қо­ры­тынды шешім қабылдады.