• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кино 24 Қыркүйек, 2021

Деректі картиналар додасы

189 рет
көрсетілді

Алматы қаласында 23-28 қыркүйек ара­лығында Chaplin Mega Park кино­театрын­да QaraFest фильмдері көр­се­тіледі. Бағдарламада Чили, Түр­кия, Шве­ция, Германия, Норвегия, Фин­ляндия, Грузия, Бель­гия, АҚШ және Румыниядан он туын­ды бар. Бар­лық фильм түп­нұс­қа тілінде, қазақ және орыс субтитр­лерімен көрсетіледі. Ал онлайн-фестиваль 30 қыркүйек пен 9 қазан күн­дері өт­кізілмек. Айта кетейік, көрсе­ті­лімдер «Сорос-Қа­зақстан» қоры­ның және нидерландтық movies That Matter кинофестивалінің гранттар бағдарламасының қолдауымен ұйым­дастырылып отыр.

Әлемдік кино индустриясындағы жаңа ағымдар мен түрлі тақырыптарды бақылап, бағамдауға мүмкіндік беретін Qara Fest тәуелсіз деректі кинофестивалі биыл екінші мәрте өткізілмек. Халықаралық байқауда көрсетілетін қатысушы фильмдердің алғашқысы – «Мен мінген пойыз» деректі фильмі. Бұл туын­ды – «Ник Кэйв және осал тұқымдар» фильмі­нің режиссері Арно Битши мен Уоррен Эллистің жобасы. Деректі фильмнің премьера­сы Rakkauta ja Anarkiaa кинофестивалінде өткен болатын. Режиссер Арно Битши қатал жағ­дайда саяхаттай жүріп, фильмнің басты кейіпкерлерінің жан-дүниесіне үңіледі.

Аталған жоба 2020 жылғы карантин уақтында бастау алып, былтыр 2200-ден астам көрерменге Қазақстанның 8 үздік деректі туындысын ұсынған еді.

Фильм бағдарламасы – көрерменге бейтаныс, шынайы өмірді бейнелейтін өзге тағдырды, өзгеше кейіпкерлерді қамтиды.

Биылғы картиналар онлайн және Алматы қаласындағы кинотеатрларында көрсетіледі.