• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Қыркүйек, 2021

Сәуле Омарова АҚШ-та банк реттеушісінің басшысы болып тағайындалмақ

995 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Джо Байден Корнель университетінің банк құқығының профессоры, Қазақстанның тумасы Сәуле Омарованы АҚШ-тағы банк секторының негізгі реттеушісі, ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) лауазымына тағайындауға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Bloomberg және The Wall Street Journal агенттіктері мәлімдеді.

Басылым мәліметі бойынша, Омарованың кандидатурасы ресми түрде осы аптада ұсынылуы мүмкін. Бұл лауазымға бекітілген жағдайда, Қазақстанның тумасы 1863 жылы құрылған реттеушіні басқаратын алғашқы әйел болады.

Байденнің таңдауын прогрессивті демократиялық заң шығарушылар мақұлдайды деп күтіліп отыр, бірақ ол республикашылардан қолдау ала алмауы мүмкін. Сондай-ақ, Омарова криптовалюталарды сынға алуымен танымал.

Тамызда америкалық БАҚ, Ақ үй әкімшілігі Сәуле Омарованың кандидатурасын зерттеп жатқанын хабарлады.

OCC - АҚШ Қаржы министрлігінің Тәуелсіз бөлімшесі. Реттеуші 1200 триллион долларлық жиынтық активтері бар 14 банкті бақылайды, бұл елдің банк жүйесінің барлық активтерінің үштен екісін құрайды.

Осылайша, OCС Федералды резервтік жүйемен (ФРЖ) және Федералды депозиттерді сақтандыру корпорациясымен (Federal Deposit Insurance Corporation, FDIC) қатар ең ықпалды америкалық қаржылық реттеушілердің бірі.

Сәуле Омарова Корнель университетінің Банктік құқық профессоры, ММУ (1989), Висконсин университетінің (1999) және Солтүстік-Батыс университетінің (2001) түлегі, Заң ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.