Бішкекте Қырғыз Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ақын Тоголок Молдоның 160 жылдығына арналған VI халықаралық эпостық фестиваль басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фестиваль ұлттың өзін-өзі тануын нығайту және эпикалық мұраны жаһандық деңгейде насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.
Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Жылдыз Бакашова «Әлемдік мәдениеттегі «Манас» эпосы: ғылым, өнер, әдебиет» дөңгелек үстелінде құттықтау сөз сөйледі.
«Жаһандану толқыны көптеген құндылықты таптап, кей ұлттардың жойылуына қауіп төндірсе де, қазіргі ұрпақтың абыройлы міндеттерінің бірі - ұлттық бірегейлікті сақтау», деді Ж. Бакашова.
Фестиваль 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Арнай концерт қойылып, ұлттық ойындар өткізіледі. Шараға әлемнің 20-дан астам елінің өкілдері қатысуда.
Айта кетейік, ерекше мұраны сақтаудың инновациялық әдістерінің бірі ретінде 2006 жылы әлемдік эпостардың бірінші халықаралық фестивалі өткізілген.