• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2021

Қазақстандықтар Түркиядан үй сатып алуға неге құмар

464 рет
көрсетілді

Turk.Estate жылжымайтын мүлік агрегаторының мәліметінше, 2021 жылдың жазында қазақстандықтар Түркияда 507 пәтер сатып алып, шетелдік тұтынушылардың белсенді ондығына енді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан бұл тізімде 6 орынға тұрақтаған. Біздің елден кейін Түркиядан жылжымайтын мүлік сатып алуға сұраныс Германия, Кувейт мемлекеттерінде жоғары екендігі анықталды.

Қазақстандықтар 2021 жылдың қаңтарынан тамыз айын қоса алғанда Түркияда 1112 пәтер сатып алған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылғы деректерге жете қабыл.  Ел тұрғындары 2020 жылы Түркиядан 1171 пәтер сатып алған.

Түркиядан пәтер алуға қызығушылық, әсіресе, жаз айларында артқанын мына деректерден аңғаруға болады: қаңтар (69 пәтер), ақпан (119), наурыз (166), сәуір (188), мамыр (80), маусым (165), шілде (166) және тамыз (176).

Ирак 2021 жылы түрік жылжымайтын мүлігін сатып алу бойынша шетелдіктер арасында бірінші орында. Бұл елдің тұрғындары 4631 пәтер сатып алған. 

Түркия Статистика институтының 2021 жылдың сәуір айындағы статистикасына сүйенсек,  қазақстандықтар шетелдіктер арасында түрік жылжымайтын мүлігін сатып алу саны бойынша тоғызыншы орында.