• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2014

Заңсыз тауар жазасын табар

290 рет
көрсетілді

Заңсыз тауар өткізу үшін шекара бұзушылар барлық мүмкіндіктерін пайдалануға тырысады. Дегенмен, қазақстандық шекарашылардың қырағылығы арқасында контрабандашылар ұсталуда. Мәселен, Қордай шекара отрядына қа­расты «Сортөбе» заставасының наряды көр­шілес қырғыз жерінен 11 жылқыны қуалап келе жатқан бір топ шекара бұзушыларды бай­қап қалды. Барымташыларды тоқтатып, құжат­тарын тексеруге келгенде олар қарсылық біл­дір­ді. Шекара бұзушыларды тоқтату мақ­са­тында аспанға ескерту оғын атуға тура келді. Зардап шеккен ешкім жоқ, заңсыз қуалап келе жатқан жылқылар тоқтатылды. Аталған де­ректер бойынша құқық қорғау органдары ха­­­­барландырылып, тергеу амалдары жүр­гізілуде. Сондай-ақ, өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар декларацияланбаған валюта, 10 қап көлемінде балық, бір тонна сары майды шекарадан заңсыз алып өтпек болғандарды ұстады. Қазақ-қытай шекарасын өз бетінше кесіп өтіп келе жатқан 24 жастағы отандасымызды ұстаған «Қорғас» шекара бекетінің наря­ды тексеріс кезінде оның 11 000 доллар дек­ла­рацияланбаған қаржысы бар екендігін анықтады. «Майқапшағай» өткізу бекетінің шекарашылары «Өскемен-Алтай» бағытындағы автобусты тексеру кезінде оның жүксалғыш бөлігінен шортан балығы салынған 10 қап­шық­ты тапты, рұқсатсыз шекара асып бара жат­қан балық­тарды таразыға тартқанда 1,5 цент­нер шықты. Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Сыпатай батыр авто» шекара бекетінің бақылаушылары елімізден шығып бара жатқан, 41 жастағы қырғыз азаматының «Мерседес бенц» авто­көлігін қарау кезінде оның салонына жасы­рылған бір тонна сары майды анықтады, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар