• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Қыркүйек, 2021

Әлемдік брендтер жануарлар терісінен бас тартады

599 рет
көрсетілді

Yves Saint Laurent, Gucci және Bottega Veneta секілді сән брендтердің иесі француздың Kering компаниясы табиғи теріден толық бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Kering жануарлардың терісін пайдаланудан бас тарту туралы шешім қабылдады. 2022 жылғы күзгі коллекциялардан бастап топтағы бір де бір сән үйінде аң терісі болмайды», делінген хабарламада.

Kering компаниясының бас директоры Франсуа-Анри Пиноттың айтуынша, жануарларды қорғауға келгенде, компания әрқашан өзінің жеткізілім тізбегі мен жұмыс тәжірибесін жақсартуға дайын.

Бұған дейін Израильдің қоршаған ортаны қорғау министрі Гила Гамлиэль елде киім өндіру үшін жануарлардың терісін сатуға тыйым салатын құжатқа қол қойған болатын. Министр киім өндірісінде тері мен теріні пайдалану азғындық екенін айтты.