Қазақстандық әскери дәрігерлер америкалық әріптестерімен медициналық логистика саласында тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
АҚШ-тың қауіпсіздік саласындағы әскери ынтымақтастық кеңсесі ұйымдастырған іс-шара Алматы қаласында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери медицина орталығында өтті.
Іс-шараға Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының және Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталінің өкілдері қатысты.
Америкалық сарапшылар медициналық логистика саласындағы тәжірибелерімен, тактикалық тәсілдер жүйесімен, әдістер мен іс-қимылдармен бөлісті. Әскерлердің қызметін медициналық қамтамасыз етуде БҰҰ стандарттарын қолдануға ерекше назар аударылды.