• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қыркүйек, 2021

Карантин талаптарын бұзып, елге өнім әкелгендер айыппұл төлейді

283 рет
көрсетілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағына басқа елдерден карантинге жатқызылған өнім әкелудің 76 фактісі анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«2021 жылдың 17-24 қыркүйегі аралығында өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған өнімді басқа елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде 76 заң бұзушылықты анықтады. Ресей Федерациясынан 595,4 тонна бидай, арпа, картоп, қызанақ, қияр, қырыққабат, бұрыш, алма, банан, жаңғақтар, кептірілген жемістер, 82,5 текшеметр ағаш, Қырғызстан Республикасынан 43,1 тонна картоп, бұрыш, таңқурай, құлпынай және қарақат, Өзбекстан Республикасынан 17,4 тонна алма, қара өрік, қызылша, жүзім, жоңышқа тұқымдары мен гүл көшеттері, Ауғанстаннан жеткізілген 20 тонна кептірілген өрік карантиндік бақылау жүргізу кезінде фитосанитариялық талаптарға сай келмейтіндігін анықталды», делінген ведомство хабарламасында.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 4,2 млн теңге айыппұл салынды.

Негізгі заң бұзушылықтар фитосанитариялық сертификаттың болмауы, тауардың таңбаланбауы мен карантинге жатқызылған өнімді қайтадан тексертпеуге қатысты.

Жыл басынан бері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторлары 4 мыңға жуық заң бұзушылықты анықтап, 308 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салды.