• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қыркүйек, 2021

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді үйден алуға бола ма?

338 рет
көрсетілді

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер енді жалғыз басты зейнеткерлерге ғана емес, сондай-ақ жақын туыстарының көмегінсіз қалған, отбасы ішіндегі жанжалға байланысты қиын жағдайдағы қарт адамдарға да үйде көрсетілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиісті өзгерістер «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы №379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығында көзделген.

Жоғарыда аталған норманы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Парламент Мәжілісінің депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ және ЖАО өкілдері ұсынды.

Оған қоса, барлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде бейнебақылау камераларын міндетті түрде орнатуды қарастыратын өзгерістер де енгізілді. Камералар ұйымға іргелес жатқан аумақтың периметрі бойынша, негізгі және қосалқы кіреберістердің жанында, сондай-ақ үй-жайлар мен жалпы пайдалану кабинеттерінде орнатылады.

Айта кетсек, Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде 23 мыңнан астам адамды қамтитын 113 стационарлық үлгідегі МӘМ жұмыс істейді.