Сенбіде Ыстанбұлдағы Йеникөй ауданының жағалауында Түркия және Ресей мемлекеттеріне тиесілі жүк кемелері соқтығысты.
Жағалау полициясы басқармасының айтуынша, қазір екі кеме де Бүйікдере ауданының жағалауына әкелініп, шынжырланып байланды.
Түркияға тиесілі Tahsin İmamoğlu 90 метрлік жүк кемесі Коджаели провинциясынан Қара теңіз жағалауындағы Карадениз Эрегли өнеркәсіптік портына бағыт алған. Ал ресейлік Rusich -100 128 метрлік кемесі Бурса провинциясының Гемлик ауданынан Ресейге бара жатқан. Екі жүк кемесі Босфор бұғазында соғысып қалған. Кемелерге апаттан кейін су жинала бастағаны да хабарланды.
Оқиға орнына KIYEM-5, KEGM-3, KURTARMA-11 катерлері және 14 буксирлік кеме аттандырылды.
Ресей агенттігінің хабарлауынша, бұл жалғыз оқиға емес. Сол күні таңертең 140 метрлік «Волжский-40» жүк тасушы кемесі де апатқа ұшыраған. Ақпаратқа сүйенсек, көлік Түркияның Теридаг қаласынан Ресейге беттеп келе жатқанда Босфор бұғасында балық аулаушылар кемесімен соқтығысқан. Қазір ол жүк кемесі де тұраққа апарып байланған.
Екінші оқиғаға да Түркия Жағалау полициясы KIYEM-8, KEGM-3 катерлерін жіберген. Олар кемелерді судан тазартқан. Одан бөлек, KURTARMA-11 буксирлік кемесі де апат орнына жіберілген.
Жараланғандар мен қаза тапқандар туралы ақпарат болмағанымен, екі тарап та үлкен шығынға ұшырағаны мәлім болды.