Қазақстан QazVac вакцинасын Сауд Арабиясына жеткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Біз саяхатқа шектеулерді азайту үшін вакцина паспортын екіжақты тануды қолдаймыз. Егер Сауд Арабиясы тарапы мүдделі болса, Қазақстан QazVac вакцинасын Сауд Арабиясына жеткізу мүмкіндігін, сондай-ақ Корольдікте қазақстандық вакцинаны бірлесіп өндіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады», деді Бақыт Сұлтанов Сауд Арабиясының инвестициялық бизнес-форумында.
Бизнес-форум Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатыр. Оған екі елдің іскер тобы мен 170-тен астам бизнес өкілі қатысып отыр.