• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Қыркүйек, 2021

Алдағы күндері ауа райының қандай болатыны айтылды

283 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28, 29 және 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон ықпалында болады. Оның атмосфералық фронттары солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр жаууына ықпал етеді. Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі.

«Батыста ауа температурасы түнде 0-15 градус жылы, 3 градус аяз, күндіз 7-22 жылы, солтүстік-батыста түнде 0-10 жылыдан 6 градус аяз - 5 градус жылыға дейін, күндіз 0-13 жылы, солтүстікте түнде 3 градус аяз - 6 градус жылы, күндіз 5-11 жылыдан 2-8 градус аралығында, орталықта 3-11 жылудан 3 градус аяз - 8 градус жылыға дейін төмендейді, күндіз 7-18 гардустан 2-10 градусқа дейін жылы болады деп болжанады. Шығыста түнде 3 градус аяз - 10 градус жылы, күндіз 10-20 градус жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 7-18 градустан, күндіз 12-27 градусқа дейін жылынады», делінген хабарламада.