• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қыркүйек, 2021

Аида Балаева журналистерді сынға алды

135 рет
көрсетілді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Astana Media Week – 2021» аясында өткен «Өткір әлеуметтік тақырыптарды түсіндіру ерекшеліктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты, деп жазады Egemen.kz.

«Біз әлеуметтік қақтығыстың тез арада этносаралық немесе саяси ұшқынға айналып, адамдарды қарсылас лагерлерге бөлгеніне бірнеше рет куә болдық. Осының негізінде қоғамда негатив пікір тудыратын тексерілмеген ақпарат тарады. Өкінішке қарай, кей БАҚ әлеуметтік тақырыптарды өткір қылып көрсету үшін оқиғаны басқа қырынан жазып, таратып жатады», деді министр.

Сонымен қатар министр кейбір БАҚ әлеуметтік тақырыптарды өткір қыла түсу үшін оқиғаны басқа қырынан жазып, қоғамды жаңылдырады.

«Мысалы, Алматының «Алтын Орда» базарындағы екі жігіттің төбелесін еске алайық. Кейбір әріптестеріміздің жазуымен, оқиға ұлтаралық араздыққа ұласып кете жаздады. Сондай-ақ, жуырда Ақбұлақ ауданында болған атысты алайық. Кей журналистер оқиғаның мән-жайын зерттеуден бұрын, оқ атқан адамның ұлтын көрсетуді жөн санады», деді Балаева.

Балаева ақпаратпен бірге оқиға орнынан фото-видео таратқан кезде де асырасілтеуге жол беретін БАҚ-тарды  сынға алды.

«Ақпараттық салада жәбірленуші мен күш қолданушының жеке дерегін бірінші болып кім беретіні туралы  бәсеке бар сияқты. Олар, сондай-ақ, оқиға орнынан «қанды» фото және бейне материалдарды таратады. Осыған сүйене отырып, журналистер, еркін қаламгерлер, яғни әртүрлі блогерлер кез келген резонанс тудырған жағдайдың одан әрі өршуіне медиа нарықтың әсері үлкен екенін түсінуі керек. Ешқандай жоғары рейтинг әлеуметтік тақырыптарды провокацияға айналдыруға лайық емес», деді министр.