• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қыркүйек, 2021

Қазақстан мен Сауд Арабиясы меморандумға қол қойды

210 рет
көрсетілді

Сауд Арабиясының жетекші компанияларының бірі National Technology Group пен «Транстелеком» АҚ  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Сауд Арабиясы Қазақстанмен цифрлық серіктестікті дамытуға дайын. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда өткен инвестициялық бизнес-форум барысында белгілі болды. Сауд Арабиясының National Technology Group компаниясы мен «Транстелеком» АҚ  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Тараптар ортақ мақсат пен нәтижеге жету үшін бірге күш жұмсайтынын мәлімдеді.