• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қыркүйек, 2021

TiJi мультфильмдері қазақ тілінде болады

351 рет
көрсетілді

Француздық «TiJi» балалар телеарнасының контенті қазақ тіліне аударылатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

27 қыркүйек күні «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының кеңсесінде Басқарма Төрағасы Асылбек Есенбаев француздық «Tiji» балалар телевизиялық арнасының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар әлемге танымал балалар контентін қазақ тіліне аудару мәселелерін талқылады.

Француз тарапынан кездесуге «M6 Thématique»компаниясының телеарналар мен радиостанциялар портфелін халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене Окутюрье және «M6 Thématique» халықаралық дистрибуция жөніндегі директоры, «ЛТИ Восток» ЖШҚ Бас директоры Мария Жабина-Пантелик қатысты.

Кездесу барысында Асылбек Есенбаев ҚҚДИ-ныңқызметі туралы және институт қабырғасында мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу бойынша әзірленген стратегиялық жоспарлары туралы баяндап берді.

Атап айтқанда, тараптар телеарнаның танымал мультипликациялық контентін қазақ тіліне аудару мәселелерін талқыға салды.

Өз кезегінде Жан-Рене Окутюрье «TiJi» телеарнасы Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға қуанышты екенін атап өтіп, телеарнаның қызметі мен перспективалы жобалар туралы ақпараттарымен бөлісті. Ол балалар арнасының мазмұндық торы әлеуметтік желілермен салыстырғанда балалар үшін қауіпсіз екендігіне де ерекше назар аударды. «TiJi» ата-аналарға да назар аударады. Мәселен, телеарна торында психологтар, нейробиологтар және мұғалімдерді қамтыған бағдарламалар да бар.

«Біз жүзеге асыруды жоспарлап отырған жоба мемлекеттік тілдегі балалар үшін сапалы ойын-сауық контентін арттыру үшін маңызды. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2021 жылға Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшуі бойынша Жол картасында белгіленген басым бағыттардың бірі»,  деп атап өтті кездесу қорытындысы бойынша ҚҚДИ Басқарма Төрағасы Асылбек Есенбаев.